GenAI құралдары арқылы пәннің ПОӘК-ін жетілдіру мәселелері талқыланды
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің Картография және геоинформатика кафедрасында оқу-әдістемелік жұмыс аясында GenAI құралдарын білім беру процесінде тиімді пайдалану тақырыбына арналған кафедра отырысы өтті.

Кездесу барысында оқытушылардың кәсіби жүктемесін ұлғайтпай, оқу процесінің сапасын арттыру мақсатында жасанды интеллект негізіндегі құралдарды (GenAI) қолдану мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Отырыстың негізгі мақсаты – пәндерді жобалау, оқу нәтижелерін бағалау және оқыту сапасын арттыру бағытында GenAI технологияларын тиімді қолдану бойынша оқытушылардың кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамыту. Талқылау барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
- пәннің білім беру бағдарламасындағы орны мен маңыздылығы;
- силлабустың педагогикалық және академиялық басқару құралы ретіндегі рөлі;
- оқу нәтижелеріне бағытталған тапсырмалар мен бағалау жүйесін жетілдіру;
- академиялық адалдық қағидаларын сақтау және GenAI құралдарын жауапкершілікпен қолдану;
- офлайн және цифрлық ортада студенттермен тиімді кері байланыс пен коммуникация ұйымдастыру.
Кафедра отырысы барысында GenAI құралдарын оқу-әдістемелік құжаттарды жетілдіруде, оқу материалдарын әзірлеуде және студенттердің білімін бағалаудың заманауи тәсілдерін қалыптастыруда қолданудың маңыздылығы атап өтілді.

Басқа жаңалықтар