ТДМ 16. «Заңға бағыну – азаматтық мәдениеттің көрсеткіші»
11 наурыз күні Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында ТДМ 16 (Тұрақты даму мақсаты 16) аясында «Заңға бағыну – азаматтық мәдениеттің көрсеткіші» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.
ТДМ 16 – Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл мақсат бейбіт, әділетті қоғам құруға және тиімді, ашық институттарды қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шара барысында шетелден келген қандас тыңдаушыларға заңға бағынудың азаматтық мәдениеттің маңызды көрсеткіші екені түсіндірілді. Заңға бағыну – кез келген өркениетті қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін және қоғамдық тәртіптің сақталуына негіз болатын басты қағидалардың бірі екені атап өтілді. Қоғамдағы әрбір азамат заң талаптарын сақтаған жағдайда ғана әділдік пен теңдік қағидалары жүзеге асатыны айтылып, заңды құрметтеу мен оған бағыну азаматтық мәдениеттің маңызды көрсеткіші болып табылатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар азаматтық мәдениет адамның қоғамдағы өз құқықтары мен міндеттерін түсінуін, заң талаптарын саналы түрде орындауын және қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапкершілікпен қарауын білдіретіні атап өтілді. Мұндай мәдениет адамның тек жеке мүддесін ғана емес, қоғамның игілігін де ескере білуінен көрінеді. Заңды сақтау арқылы адам тек өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің нығаюына да өз үлесін қосатыны түсіндірілді.
Ашық кураторлық сабақ барысында шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында жүріп-тұру ережелері, олардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылық түрлері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтар және олар үшін заңнамада қарастырылған айыппұл мөлшері туралы да кеңінен сөз қозғалды.
Басқа жаңалықтар