ТДМ №4: «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Азаматтардың құқықтары мен міндеттері арқылы қоршаған ортаны қорғау» атты дөңгелек үстел өткізілдіFarabi University

ТДМ №4: «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Азаматтардың құқықтары мен міндеттері арқылы қоршаған ортаны қорғау» атты дөңгелек үстел өткізілді

11 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Азаматтардың құқықтары мен міндеттері арқылы қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында мазмұнды іс-шара өткізілді. Аталған шара заң факультетінің білім алушылары арасында экологиялық құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды насихаттауға бағытталды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда тұрақты даму қағидаттарын кеңінен насихаттау болды. Кездесу барысында экологиялық құқықтың қазіргі таңдағы өзекті мәселелері, табиғатты қорғаудағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоршаған ортаны сақтау ісіндегі қоғамдық жауапкершіліктің маңызы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының негізгі бағыттары кеңінен талқыланды.

Іс-шараны кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Куаналиева ашып, өз сөзінде қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, табиғатты қорғау саласындағы құқықтық тетіктердің тиімділігін арттыру, азаматтардың экологиялық құқықтық сауаттылығын дамыту және заң талаптарын сақтау арқылы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудің жолдары жөнінде ой бөлісті.

Кездесу барысында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы – А.А. Есекеева, Г.К. Рашева, С.М. Жапаков, Қ.А. Бахманова өз баяндамаларын ұсынып, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері, экологиялық құқық саласындағы заманауи сын-қатерлер, табиғатты тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері төңірегінде мазмұнды пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, табиғатты қорғау ісінде құқықтық нормаларды сақтау мен азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымының маңызы ерекше атап өтілді.

Іс-шараға заң факультетінің 3-курс студенттері белсенді қатысып, көтерілген тақырыптар аясында өз ойларын білдіріп, сұрақтар қойып, пікірталасқа белсене араласты. Студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы экологиялық құқық саласындағы білімге деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Бұл кездесу білім алушылардың экологиялық құқық бағытындағы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, олардың қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және азаматтық ұстанымдарын нығайтуға ықпал етті.

Өткізілген шара «Таза Қазақстан» акциясының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар студент жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға деген саналы көзқарасты дамытуға және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге өз үлесін қосады.