№16 Студенттер үйіндегі «Ауыз ашар»Farabi University

№16 Студенттер үйіндегі «Ауыз ашар»

10 наурыз, 2026

Тұрақты даму мақсаттары «ТДМ 3: Жақсы денсаулық және әл-ауқат» және №11 — «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» шегінде 2026 жылдың 5 наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің №16 Студенттер үйінде Рамазан айында студенттерге арналған «Ауыз ашар» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара кураторлы топ ББ «Цифрлық Экономика» 1 курс студенттерінің Ораза ұстаған ниеттерін қолдау үшін ұйымдастырылды.  Балалар куратормен бірге Рамазан айының ерекшелігін, Ораза тұтудың пайдалылығы туралы өзара ойларымен бөлісіп, ауыз ашар дастарханынан дәм татып, өзара сыйластық пен достық мейірімге бөленді. 

Рамазан айында Алла рахымы үшін Ораза ұстаған барлық жандарға ниеттері қабыл болсын дейміз! Дені саудың – жаны сау деп білімге құштар Жастарға Алла қуат берсін дегім келеді!

Іс-шараны ұйымдастырушы: «Экономика» кафедрасының 1 курс эдвайзері Иляшова Г.К.