«Жарияланым үшін журнал іздеу» тақырыбында семинар-тренинг өттіFarabi University
Референдум 15 марта

«Жарияланым үшін журнал іздеу» тақырыбында семинар-тренинг өтті

12 наурыз, 2026

Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 12 наурызда Химия және химиялық технология факультетінің Е.Ерғожин атындағы мәжіліс залында «Жарияланым үшін журнал іздеу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингтің спикері Орталық Азия бойынша Informascope компаниясының консультанты Рабиға Қожамқұл болды. Іс-шара барысында қатысушыларға халықаралық ғылыми журналдарда жарияланым жасау үшін сәйкес журналды дұрыс таңдау жолдары туралы ақпарат берілді. Scopus деректер базасындағы журналдарды іздеу құралдары, журнал метрикалары, атап айтқанда CiteScore көрсеткіштері, персентильдер мен квартильдер жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар ғылыми мақалаларды «тегін» жариялау мүмкіндіктері де қарастырылып, ғылыми мақалалар мен журналдарды іздеу барысында ScienceDirect платформасын тиімді пайдалану тәсілдері таныстырылды.

Семинар-тренингке университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары қатысып, халықаралық ғылыми журналдарда жарияланым жасау бойынша өзекті сұрақтарына жауап алды.