- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Study time: Сабақты жоспарлау стратегиялары» тақырыбындағы республикалық әдістемелік тренинг
«Study time: Сабақты жоспарлау стратегиялары» тақырыбындағы республикалық әдістемелік тренинг
2026 жылдың 12-наурызында ТДМ №4 бағыты аясында «ӨРЛЕУ» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің ұйымдастыруымен «Study time: Сабақты жоспарлау стратегиялары» тақырыбындағы республикалық әдістемелік тренинг өтті.

Республикалық әдістемелік тренингтің мақсаты: Болашақ мамандардың заманауи білім беру талаптарына сәйкес сабақты тиімді жоспарлау дағдыларын қалыптастыру.
Республикалық әдістемелік тренингтің міндеттері:
1. Қысқа және ұзақ мерзімді сабақ жоспарларын құру жолдарын тәжірибелік тұрғыда меңгерту.
2. Инклюзивті білім беру стратегияларын сабақ құрылымына енгізу тәсілдерін үйрету.
3. Цифрлық білім беру құралдарын сабақ жоспарлауда қолдану мүмкіндіктерін көрсету.
4. Тәжірибе алмасу арқылы кәсіби ынтымақтастық орта қалыптастыру.
Республикалық әдістемелік тренингке қатысушылар: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері (бакалавр студенттері, магистранттар мен докторанттар) және мектеп мұғалімдері.
Ұйымдастырушылар: «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті.
Республикалық әдістемелік тренинг «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Касенова Самал Абилжанатовнаның алғы сөзімен ашылып, төмендегіде оқытушылар мен мұғалімдер баяндама жасап, шеберлік тренингтер жүргізді: Саткенова Ж.Б., Дәрібаев С.Д., Мекебаева Л.А., Оспанова Г.Т., Баязитов Б.Б., Касенова С.А., Рамазанова Д.Т., Елшиманова Г.Н., Атуллин М.Қ., Карсыбаева А.Б., Сураншиева Л.Т., Абдрахимова Ж.Ж., Оналбаева С.А.
Әдістемелік тренинг студенттер, магистранттар мен докторанттар, оқытушылардың көңілінен шықты. Болашақта бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірілді.
Оспанова Гүлмария Тұрысбекқызы Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясының доцент м.а., PhD
Басқа жаңалықтар