КжК Ашық тәрбие сағаты: «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат»Farabi University

КжК Ашық тәрбие сағаты: «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат»

10 наурыз, 2026

Ашық тәрбие сағаты: «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат»

2026 жылғы 10 наурыз күні Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының аға оқытушысы Нарбаева С.М. жетекшілігімен, Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының магистранттары  Есиркегенов Д. А. және Кахраманов У. Я. ұйымдастыруымен  және 1 курс студенттерінің қатысуымен ашық тәрбие сағаты өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының бай рухани және мәдени мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын талдау және оларды заманауи қоғамда сақтаудың жолдарын зерделеу.

Сабақ барысында ұлттық мұра ұғымы, салт-дәстүрлердің түрлері, қолөнер мен ауыз әдебиетінің тәрбиелік бағыттары жан-жақты қарастырылып, студенттерге түсіндірілді. Сонымен қатар, «Жаһандану дәуіріндегі ұлттық құндылықтар: қауіптер мен мүмкіндіктер» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, студенттердің ата-баба аманатына деген көзқарастары мен оны болашаққа жеткізудегі жастардың рөліне қатысты ой-пікірлері талқыланды. 

Бұл іс-шара студенттердің:
 1.Отансүйгіштік сезімін оятуға;
 2.Сыни ойлау қабілетін дамытып, танымдық көзқарастарын қалыптастыруға;
 3.Ұлттық код пен мәдени мұраның әлеуметтік-рухани маңызын түсінуге бағытталды.