"Қаржылық сауаттылық негіздері" курсы бойынша ЖББМ оқушыларына арналған оқыту тренингіFarabi University

"Қаржылық сауаттылық негіздері" курсы бойынша ЖББМ оқушыларына арналған оқыту тренингі

14 наурыз, 2026

2026 жылдың 13 наурызында  Экономика және бизнес жоғары мектебі Қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушы Г.И.Супугалиева "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Қошмамбет ауылындағы жайлы мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп оқушыларына «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында тренинг өткізді. Білім беру тренингі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды арттыруға және лайықты жұмыс үшін жағдайлар жасауға бағытталған 8-ші «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» Тұрақты даму мақсатына сәйкес ұйымдастырылды. Бұл тренинг оқушыларға қаржылық сауаттылықты ерте жастан үйрету — болашақта тұрақтылық пен саналы шешім қабылдаудың негізі болатынын және болашақ экономикалық белсенді азаматтар ретінде қаржылық шешімдер қабылдауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Тренинг аясында қаржылық сауаттылықты мектеп оқушыларына түсіндіру – президенттің Жолдауында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше назар аудару берілген тапсырмалардың бірі. Президент бұл арқылы халықты қаржылық мәдениетке баулу, әсіресе, несиеге тәуелділіктен арылу мәселесін шешуді көздеген болатын. Сондықтан мектепте қаржы сауаттылығын арттыру – бүгінгі күннің сұранысына сай келетін, болашақ буынды қаржылық тұрақтылыққа баулуға бағытталған маңызды қадам. Енді балалар ақшаны тек жұмсауды емес, оны жоспарлы түрде көбейтуді, қаржылық мақсат қоюды және оған жету жолдарын нақты есеппен бағамдауды үйренетін болады.

Тренинг интерактивті форматта өткізілді, тәжірибелік мысалдар келтірілді, нақты өмірлік жағдайлар талқыланды және оқушыларды пікірталасқа тартты. Бұл олардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырды, аналитикалық және сыни ойлауды дамытты, сондай-ақ практикалық дағдыларды дамытты. Тренингтің негізгі міндеттері мынандай: оқушыларда қаржыны үнемдеу және сақтау шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру; ақшаны тиімді жұмсауға үйрету; оқушының өзіне тиесілі ақша қорының шыққан көзін жақсы білуін қамтамасыз ету (табыс көзі, жинаған ақшасының көлемі, инвестиция, қарыз және тағы басқалар); экономикалық және қаржылық мазмұндағы жаттығулар, күмәнді қаржы ұйымдары, олардың пайда болу себептерін, құрылымын және жұмыс істеу механизмін түсіндіру. Қаржылық сауаттылық – бұл ата-аналар кішкентай кезінен бастап балаларына беруге тиісті білім, дамытуы керек пайлаы нәрсе. Оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық – бұл адамға болашақта қаржымен дұрыс қарым-қатынас орнатуға көмектесетін маңызды дағды. Оқушы ақшаның қалай жұмыс істейтінін, оны қалай табуға, үнемдеуге және дұрыс экономикалық шешімдер қабылдауға болатындығын біледі. Қаржылық сауатты оқушы ақша тек тамақ немесе заттарды сатып алу құралы ғана емес, сонымен қатар мақсатқа жету құралы екенін түсінуге мүмкіндік алады. Оқушы ересек өмірде үлкен қарыздар мен несиелерден аулақ болу үшін өз қаржысын қалай дұрыс бақылау керектігін біледі. Экономика саласындағы білім болашақта адам өз бетінше жұмыс істей бастағанда және өмір сүре бастағанда байыпты және тәуелсіз болуға көмектеседі.

Мектептердегі қаржылық сауаттылық тренингтері маңызды, өйткені ол балаларды ақшаны басқаруға үйретеді: бюджет құру, үнемдеу және ақшаға жауапты болу. Бұл білім пайдалы және қаржылық тұрғыда тұрақты қоғам құруға көмектеседі.