«Фармация» БББ студенттері Жапонияда жаңа академиялық мүмкіндіктерге жол ашуда.Farabi University

«Фармация» БББ студенттері Жапонияда жаңа академиялық мүмкіндіктерге жол ашуда.

16 наурыз, 2026

2026 жылдың 23 ақпанынан 6 наурызы аралығында медицина және денсаулық сақтау факультеті, 6B10102 Фармация БББ 2–4 курс студенттері Жапониядағы Цукуба университетінде өткен қысқа мерзімді академиялық бағдарламаға қатысып қайтты. 

Бағдарламаның мақсаты – студенттердің академиялық көкжиегін кеңейту, Жапониядағы білім беру жүйесімен және фармацевтикалық ғылымдағы заманауи тәсілдермен таныстыру, сондай‑ақ кросс‑мәдени қарым‑қатынас дағдыларын дамыту болды. Екі аптаға жуық уақыт ішінде біздің студенттер дәрістер мен семинарларға қатысып, жапон оқытушыларының зерттеу бағыттарымен танысты, зертханалық инфрақұрылымды көріп, университеттің кампус өмірін өз көзімен байқады. Оқу компонентімен қатар, бағдарламаға жапон мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен және күнделікті тұрмысымен жақынырақ танысуға арналған мәдени шаралар енгізілді.Студенттер жапон және басқа шетелдік құрдастарымен бірлескен жобалар ұсынып, шағын презентациялар жасап, академиялық ағылшын тілін және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын шыңдады. Қатысушылардың пікірінше, бұл сапар Жапонияда магистрлік немесе докторантуралық білім алуға деген мотивацияны арттырып, болашақ кәсіби траекториясын айқындауға көмектесті. Қысқа мерзімді бағдарлама студенттерге халықаралық тәжірибе жинақтауға, жаңа академиялық байланыстар орнатуға және жеке жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға зор мүмкіндік берді.