- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ботаника және агроэкология кафедрасында өткен «Жасанды интеллект (ЖИ) - боттарын қолдану ережелерімен таныстыру және үйрету» семинары
Ботаника және агроэкология кафедрасында өткен «Жасанды интеллект (ЖИ) - боттарын қолдану ережелерімен таныстыру және үйрету» семинары
2026 жылғы 5 наурызда Биология және биотехнология факультетінің Ботаника және агроэкология кафедрасында «Жасанды интеллект (ЖИ) боттарын қолдану ережелерімен таныстыру және үйрету» тақырыбында семинар өтті. Семинарға кафедраның 24 профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Семинардың мақсаты – оқу үдерісіндегі пәндердің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) жасанды интеллект (ЖИ) қосымшаларын пайдалану арқылы жетілдіру және ЖИ құралдарын оқу үдерісіне енгізу.
Семинар барысында ЖИ боттарымен жұмыс істеу және олардың түрлерін оқу үдерісінде қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу үдерісінде қолданылатын силлабустарды, қысқаша дәрістерді, дәрістерде пайдаланылатын презентацияларды, зертханалық және семинарлық сабақ материалдарын, студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) тапсырмаларын және критериалды бағалау рубрикаторларын даярлауда оқу материалдарының студенттерге түсінікті, қолжетімді әрі заманауи білім беру стандарттарына сәйкес әзірленуіне ерекше назар аудару қажеттігі талқыланды.
ЖИ боттары арқылы студенттердің аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытатын тапсырмалар әзірлеу қажеттігі ұсынылды. Сонымен қатар, критериалды бағалау рубрикаторларын құрастыру барысында студенттердің оқу нәтижелерін жеке бағалауға ерекше мән беру керектігі атап өтілді.
Оқу үдерісінде қолданылатын силлабустарды, қысқаша дәрістерді, дәрістерде пайдаланылатын презентацияларды, зертханалық және семинарлық сабақ материалдарын, студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) тапсырмаларын және критериалды бағалау рубрикаторларын әзірлеуде GenAI (Gemini, Genspark AU, KIMI, ChatGPT, Gamma App) генеративті жасанды интеллект боттарын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды.
Семинар нәтижесінде пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін ЖИ қосымшаларының көмегімен әзірлеу және енгізу, сондай-ақ оқу үдерісінде GenAI (Gemini, Genspark AU, KIMI, ChatGPT, Gamma App) генеративті жасанды интеллект боттарын қолдану ұсынылды.
Сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылар құрамына кез келген кикілжіңді жағдай туындаған кезде университетте қабылданған Этикалық комитеттің бірыңғай стандарттарына сәйкес жедел әрі нақты әрекет ету қажеттігі түсіндірілді.
«Академиялық басқару және білім сапасы: басшылар мен оқытушыларға арналған интенсив» атты екінші трек аясындағы эксперттік стратегиялық сессияда білім беру үдерісінің әртүрлі бағыттарында ЖИ боттарын жасау және интеграциялау бойынша өткен мастер-класс нәтижелерін Ахтаева Н.З., Назарбекова С.Т., Чилдибаева А.Ж., Рысқали Т.Б., Тастанбекова А.А., Нұрманбек А.Е. баяндады.

Ботаника және агроэкология кафедрасының меңгерушісі,
б.ғ.к., профессор
Ахтаева Н.З.
Басқа жаңалықтар