«ШАҢЫРАҚ КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
2026 жылғы 17 наурызда Шығыстану факультетінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Шаңырақ күніне орай дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтының маңызын арттыру және студент жастар арасында мәдени-рухани сабақтастықты нығайту.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы шаңырақтың символдық мәні, оның отбасы бірлігі мен тұрақтылығын білдіретін рөлі туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтау және отбасы құндылықтарын дәріптеу мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында Таяу Шығыс және Оңтүстік кафедрасының меңгерушісі Жиекбаева А.Б. ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына тоқталып, жастарды рухани мұраны құрметтеуге шақырды.
Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсат – сапалы білім беру бағыты аясында жастардың танымдық деңгейін арттыруға және құндылықтық бағдарын қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шараға кафедра профессор аға-оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар арасында еркін пікір алмасу жүріп, мазмұнды талқылаулар ұйымдастырылды.
Шара соңында мұндай танымдық кездесулердің жастар тәрбиесіндегі маңызы атап өтіліп, алдағы уақытта да осындай форматтағы іс-шараларды жалғастыру қажеттігі айтылды.


Басқа жаңалықтар