Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Вадим Гетьман атындағы Киев ұлттық экономикалық университетімен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудеFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Вадим Гетьман атындағы Киев ұлттық экономикалық университетімен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

17 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Вадим Гетьман атындағы Киев ұлттық экономикалық университетінің өкілдерімен кездесу өтті.

 

Сапар аясында Вадим Гетьман атындағы Киев ұлттық экономикалық университетінің Экономика және менеджмент факультетінің деканы, PhD, профессор Олександр Вострияков, сондай-ақ Бизнес-экономика және кәсіпкерлік кафедрасының меңгерушісі, профессор Ирина Репина сондай-ақ Менеджмент кафедрасының меңгерушісі, профессор Михаил Сагайдак келді.  ҚазҰУ тарапынан кездесуге Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Жанна Ермекова қатысты.

 

Кездесу барысында тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ экономика, қаржы және кәсіпкерлік салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

 

Заманауи білім беру тәсілдерін енгізу, оқу үдерісін цифрландыру және университеттер арасындағы ғылыми-зерттеу байланыстарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.