Elsevier өкілдері ClinicalKey платформасының мүмкіндіктерін таныстырды
Бүгін университетте Elsevier компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Қатысушыларға ClinicalKey платформасының кең мүмкіндіктері, сонымен қатар жасанды интеллектке негізделген жаңа шешімі – ClinicalKey AI таныстырылды.

Платформа медицина қызметкерлері мен зерттеушілері үшін клиникалық шешім қабылдауды жеделдетуге және дәлелді медицинаға негізделген ақпаратқа жылдам қол жеткізуге арналған кәсіби ресурс болып табылады.

Кездесу практикалық форматта өтті: қатысушылар платформаны өз бетімен пайдаланып, ақпаратты іздеудің тиімділігін бағалай алды. Сонымен қатар, өкілдер қатысушыларға 1 айлық тестілік жазылым ұсынып, платформаның негізгі мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік берді.

Іс-шараға Яна Андреевна Бочкарёва (аккаунт-менеджер), Кристина Юрьевна Видус (клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер) және Багдатгул Романовна Ахылбекова (Орталық Азия бойынша Informascope аймақтық сату жөніндегі менеджері) қатысты. Олар платформаның қолданылу ерекшеліктерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
