ТДМ 4, 11. Ұлттық дәстүр – ұрпақтар сабақтастығының негізіFarabi University

ТДМ 4, 11. Ұлттық дәстүр – ұрпақтар сабақтастығының негізі

11 наурыз, 2026

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ОПҚ мен тыңдаушылары арасында ұлттық дәстүрді дәріптеген тағылымды шара өтті. 14 наурыз – Көрісу күніне орай кафедра кураторлары мен тыңдаушылар «Бір жасыңызбен!» атты мерекелік кездесу ұйымдастырды.

Көрісу күні – халқымыздың қыстан аман-есен шығып, бір-бірімен қауышып, қол алысып, ізгі тілектер айтатын ерекше мерекесі. Таң атқаннан әр шаңырақ дастархан жайып, бауырсақ пісіріп, тәтті-дәмдерін ұсынып, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен көріседі. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп амандасып, «Бір жасыңызбен!» деп ізгі тілектерін білдіреді. Бұл – «Бір жасқа есейдіңіз, осы жылға аман-есен жеттіңіз» деген мағынаны білдіреді.

Аталған шара барысында қатысушылар ұлттық дәстүрдің мәні мен маңызын түсініп, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шараның мақсаты:

Білім алушыларға ұлттық құндылықтарды насихаттау, мәдени мұраны сақтау арқылы рухани тәрбиені қалыптастыру және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту.