Қытайтану кафедрасында Хань және Үйсін мемлекеттері арасындағы некелік дипломатия талқыландыFarabi University

Қытайтану кафедрасында Хань және Үйсін мемлекеттері арасындағы некелік дипломатия талқыланды

17 наурыз, 2026

2026 жылғы 17 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасында «8D02209 – Шығыстану» мамандығының 3-курс докторанты Құрбанәлі Жазира «Хань патшалығы мен Үйсін елінің құдандалық қарым-қатынастары» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Семинарға оқытушылар, докторанттар және Қытай өркениеті мен тарихына қызығушылық танытқан зерттеушілер қатысты. Іс-шара барысында Хань патшалығы мен Үйсін мемлекеті арасындағы некелік дипломатияның саяси сипаты тарихи деректер негізінде талданып, оның көшпелі қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына ықпалы қарастырылды.

Сондай-ақ Хань мемлекетінің басқа көшпелі елдермен жүргізген некелік дипломатиясының ерекшеліктері салыстырмалы талдау арқылы айқындалып, қытай ханшайымдарының дипломатиялық үдерістегі рөлі мен құдандалық қатынастардың әскери-стратегиялық маңызы көрсетілді.

Семинар қорытындысы бойынша тақырыпты терең зерттеу және ғылыми жарияланым дайындау мақсатында қосымша кездесулер ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Қоса кетейік, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы баршаңызды 17 наурыз — «Шаңырақ күні» мерекесімен құттықтайды. Қазақ өркениетінде «шаңырақ» ұғымы киелі мәнге ие болып, ұрпақ сабақтастығы мен бірліктің нышаны саналады. Шаңырақ — мемлекеттіліктің, тұрақтылық пен тұтастықтың символы. Осы игі мерекеде әрбір шаңыраққа амандық, береке тілейміз, ұрпақтарымыз өсіп-өркендей берсін!