- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚАЗҰУ-ДА ЖАСТАРДЫҢ ЕҢБЕК МӘДЕНИЕТІ МЕН КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
ҚАЗҰУ-ДА ЖАСТАРДЫҢ ЕҢБЕК МӘДЕНИЕТІ МЕН КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Шығыстану факультетінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар және еңбек мәдениеті: жаһандану жағдайындағы кәсіби бейімделу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жаһандану жағдайында жастардың еңбек мәдениетін қалыптастыру, олардың кәсіби бейімделу ерекшеліктерін талдау және қазіргі еңбек нарығының талаптарын ғылыми тұрғыдан қарастыру болды.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттары аясында ұйымдастырылып, келесі бағыттарға сәйкес жүзеге асырылды:
ТДМ 8 — Лайықты жұмыс және экономикалық өсу
ТДМ 4 — Сапалы білім беру
ТДМ 10 — Теңсіздікті азайту
Кездесу барысында студенттер еңбек мәдениетінің теориялық негіздері, жаһандық еңбек нарығының өзгерістері және заманауи кәсіби құзыреттер туралы баяндамалар жасады. Ерекше назар цифрлық дағдыларға, коммуникациялық қабілеттерге және soft skills дағдыларына аударылды.
Іс-шараға Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға-оқытушылары мен студенттері қатысты. Пікірталас барысында қатысушылар жастардың кәсіби бейімделуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтап, білім беру жүйесінің рөлін күшейту, практикалық дайындықты арттыру және халықаралық тәжірибені дамыту қажеттігін атап өтті.
Дөңгелек үстел нәтижесінде жастардың еңбек мәдениетін қалыптастыру мен кәсіби бейімделу мәселелері қоғамның тұрақты дамуы үшін маңызды екендігі туралы ортақ қорытынды жасалды.
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті
Мамедова Ф.З.
Басқа жаңалықтар