Балаларды қорғау – қоғамның ортақ міндеті
Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық пен қамқорлық ерекше маңызға ие. Осы орайда «Балаларды қорғау – қоғамның ортақ міндеті» тақырыбында студенттерге арналған ауызашар іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 1-ші мақсаты – Кедейлікті жою бағыты аясында өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін жастарға көмек көрсету, қоғамда жауапкершілік пен жанашырлық құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ кедейлік мәселесіне назар аудару болды.
Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Мұқан Н., Жүзей М., Мұхамбет Ә.А., Каупенбаева С.М. ұйымдастырды.
Ауызашар барысында студенттерге арнайы дастархан жайылып, қайырымдылық көмектер көрсетілді. Сонымен қатар, іс-шара барысында балаларды қорғау, олардың құқықтарын сақтау және қолдау мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар арасында бірлік, мейірімділік және өзара көмек құндылықтары насихатталды.
Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалар қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайтуға, жастарға қолдау көрсетуге және тұрақты даму қағидаларын ілгерілетуге зор үлес қосатынын атап өтті. Рамазан айында жасалған әрбір қайырымды іс – қоғамның ізгілігі мен бірлігінің айқын көрінісі.
Басқа жаңалықтар