- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СКРИНИНГТІК БАҒДАРЛАМАЛАР: ТИІМДІЛІГІ МЕН МАҢЫЗЫ» тақырыбында республикалық деңгейдегі ақпараттық-тәрбиелік іс-шара
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СКРИНИНГТІК БАҒДАРЛАМАЛАР: ТИІМДІЛІГІ МЕН МАҢЫЗЫ» тақырыбында республикалық деңгейдегі ақпараттық-тәрбиелік іс-шара
2026 жылғы 17-наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультетінде «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СКРИНИНГТІК БАҒДАРЛАМАЛАР: ТИІМДІЛІГІ МЕН МАҢЫЗЫ» тақырыбында республикалық деңгейдегі ақпараттық-тәрбие іс-шарасы өтті. Іс-шара эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар: эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, м.ғ.к. Искакова Фарида Аркеновна, аға оқытушы, м.ғ.к. Арынова Гүлбану Абжановна, сондай-ақ «7M10102 – Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-курс магистранты Жақсылық Аделия. Ұйымдастырушылар іс-шараның жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етіп, оның мазмұндық және тәжірибелік маңыздылығына ерекше көңіл бөлді.
Іс-шараның мақсаты – тұрақты даму мақсаттарының №3 мақсаты «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында студенттерге скринингтік бағдарламалардың маңызын түсіндіру, ауруларды ерте анықтаудың тиімділігін көрсету және Қазақстандағы скринингтік бағдарламалардың маңызы, түрлері мен тиімділігі туралы ақпараттандыру, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал ету аясында өтті. Іс-шараға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ өкілдері, №5 қалалық клиникалық аурухананың дәрігері, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.
Іс-шара барысында келесі баяндамалар ұсынылды:
· Икрамова Сабина, «7M10102 – Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2-курс магистранты. Тақырыбы: «Скрининг тиімділігінің мысалдары». Скрининг түрлері мен олардың тиімділігі нақты деректер негізінде талданды.
· Жақсылық Аделия, «7M10102 – Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-курс магистранты. Тақырыбы: «Қазақстандағы скринингтік бағдарламаларға шолу». Баяндамада адам папилломавирустық инфекциясы, онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностиканың маңызы қарастырылды.
· Нұрхаим Амина, Орынбас Елдана, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 3-курс студенттері. Тақырыбы: «Ерте диагностика – денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуының құралы». Ерте анықтаудың денсаулық сақтау жүйесіне әсері және оның тұрақты дамудағы рөлі көрсетілді.
· Амир Айерке, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 4-курс студенті. Тақырыбы: «Балаларды скринингтік тексеру: қамтылуы және профилактикалық байқаулардың тиімділігі». Балалар скринингі, қамтылу деңгейі және профилактикалық тексерулердің нәтижелері ұсынылды.
Сонымен қатар, іс-шараға №5 қалалық клиникалық аурухана, КазҰУ филалынының меңгерушісі Жаксыханов Еркебулан Жанболатович қатысып, студенттер мен магистранттарға тәжірбиелік тұрғыда маңызды кеңестер берді. Ол өз сөзінде скринингтік бағдарламалардың клиникалық тәжірибедегі рөліне тоқталып, қазіргі таңда кездесетін өзекті мәселелер мен пациенттердің скринингтен өту белсенділігіне әсер ететін факторларды атап өтті.
Іс-шара барысында интерактивті әдістер кеңінен қолданылды: викторина ұйымдастырылып, қатысушылардың білім деңгейі тексерілді, сондай-ақ пікірталас алаңында скринингтің маңыздылығы талқыланды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы да сөз сөйлеп, ғылыми және практикалық тұрғыда құнды пікірлерін білдірді. Атап айтқанда: Айтманбетова Акмарал Аршабаевна, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты; Бегимбетова Гульшат Алтаевна, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты; Уалиева Алия Ержановна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі, доцент. Арынова Гүлбану Абжановна, эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының аға оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты; Искакова Фарида Аркеновна, эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты. Профессор-оқытушылар құрамы өз сөздерінде скринингтік бағдарламалардың халық денсаулығын сақтаудағы стратегиялық маңызын атап өтіп, профилактикалық бағытты күшейту қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің басты басымдықтарының бірі екенін жеткізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта осындай іс-шараларды С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және №5 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлерімен бірлесіп ұйымдастыру жоспарланып отырғаны айтылды.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан студенттер мен магистранттарға сертификаттар табысталды.
Қорытындылай келе, аталған іс-шара студенттер арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға, профилактикалық медицинаның маңызын арттыруға және скринингтік бағдарламалар туралы ақпараттандыру деңгейін көтеруге ықпал етті.
Басқа жаңалықтар