ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «НАУРЫЗНАМА» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ДЕКАНАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІFarabi University

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «НАУРЫЗНАМА» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ДЕКАНАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

18 наурыз, 2026

Бүгін Шығыстану факультетінде Наурызнама апталығы аясында факультет деканатының кезекті жиналысы өткізілді. Аталған жиын факультеттің оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарының үйлесімді жүргізілуін қамтамасыз етумен қатар алдағы мерекелік және қоғамдық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында өтті.

Жиналыс барысында факультет деканы Эгамбердиева М.Ш. «Наурызнама» апталығы аясында жүзеге асырылатын негізгі іс-шаралар жоспарына тоқталды. Атап айтқанда, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Қазақи киім – ұлт мәдениетінің айнасы», қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін насихаттау, жастардың бойында ұлттық рухты нығайту және зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыруға бағытталған «Ұлттық спорт: рух пен күш» атты мәдени іс-шараларды факуьтеттете өткізу мәселесі жан-жақты талқыланды.

Бұл бастама студенттер мен оқытушылар арасында ұлттық киімге деген қызығушылықты арттырып, қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған. Іс-шара аясында тоғызқұмалақ ойыны бойынша жарыс өткізу, студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету және факультет деңгейінде кең көлемде ұйымдастыру жоспарланды.

Жиын барысында факультет іс-шараларды ұйымдастырудағы жауапкершілікті арттыру, студенттердің белсенділігін күшейту және кафедралар арасындағы өзара үйлестіру мәселелері де талқыланды. Декан факультет ұжымын алдағы іс-шараларға белсенді қатысуға шақырып, олардың жоғары деңгейде өтуіне бірлесіп атсалысудың маңыздылығын атап өтті.

Деканат жиналысына факультет деканы, кафедра меңгерушілері және оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлар қатысты. Жиын қорытындысы бойынша алдағы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғалар бекітілді.

Шығыстану факультетінде ұйымдастырылатын «Наурызнама» апталығы аясындағы іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жастардың экологиялық және мәдени санасын қалыптастыруға, сондай-ақ университеттің қоғамдық өмірін жандандыруға бағытталған.