Қытайтану кафедрасының докторанты педагогикалық практикасы аясында ашық сабақ өткіздіFarabi University

Қытайтану кафедрасының докторанты педагогикалық практикасы аясында ашық сабақ өткізді

17 наурыз, 2026

2026 жылдың 17 наурыз күні Қытайтану кафедрасы «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Манай Гүлгина  педагогикалық  практика  аясында ашық сабақ өткізді.
Сабақ «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарына «Шығыс тіліндегі дәйекті эссе» пәні бойынша жүргізілді. Мультимедиялық презентацияны пайдалана отырып, магистранттарға қытай тілінде жазу дағдылары түсіндірілді. Сабақ барысында қытай тіліндегі әңгімелеу мәтінін қалай дұрыс жазу керектігі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, оқулықтағы оқиғаларға сүйене отырып, әңгімелеу мәтінінің үш негізгі элементі үйретілді.
Алынған білімді тәжірибеде қолдану мақсатында студенттерге сабақ барысында шағын жазба жұмысы ұсынылды. Олар өз жұмыстарын бір-бірімен талқылап, пікір алмасты. Бұл тәсіл студенттердің жазу қабілетін дамытуға және олардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.