Шығыстану факультеті Ұлттық киім күнін ерекше атап өттіFarabi University

Шығыстану факультеті Ұлттық киім күнін ерекше атап өтті

18 наурыз, 2026

Университетіміз Наурызнама онкүндігін ауқымды да қызықты түрлі іс-шаралармен атап өтіп жатыр. Онкүндік бойынша 18 наурыз Ұлттық киім күні болып белгіленген. 
Бұл күн ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді жаңғырту және қазақ халқының тарихын дәріптеу мақсатында өткізіледі. Бұл күні адамдар ұлттық киім киіп, оның маңыздылығын насихаттайды.
Шығыстану факультетінің ұжымы да бұл күнді ерекше атап өтті. Оқытушылар жұмысқа ғасырлар сүзгісінен өткен дәстүрлі оюлармен нақышталған, қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленетін түрлі көйлектер, қамзолдар, жадағайлар, шапандар киіп келді.  Ұжым болып суретке түсіп, әр түрлі әдемі бейне рорликтер түсірді. 
Ұлт рухының шағылысы Ұлттық киімге арналған бұл күн - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналды.