ТДМ 4.Ұлттық киім байқауыFarabi University

ТДМ 4.Ұлттық киім байқауы

18 наурыз, 2026

Ұлттық киім байқауы – халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық болмысын және тұрмыс-тіршілігін айшықтайтын асыл мұраның көрінісі. Осындай құндылықтарды дәріптеу мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне қарасты Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушылары арасында ұлттық киімдер байқауы ұйымдастырылды. Бұл тағылымды шара “Ұлттық киім күні “аясында өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін таныту, эстетикалық талғамды қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық мәдениетке деген құрмет пен қызығушылықты арттыру.

Байқау барысында қатысушылар ұлттық нақыштағы киім үлгілерін таныстырып, қазақ халқының бай мәдениеті мен эстетикалық талғамын көрсете білді. Тыңдаушылар «Ең әдемі ұлттық көйлек», «Қазақтың Наурыз аруы», «Ең сәнді ұлттық нақыш», «Нағыз қазақ жігіті», «Наурыз сұлтаны», «Ең сәнді ұлттық киім» номинациялары бойынша марапатталды.

Бұл шара жастардың ұлттық сана-сезімін оятып, мәдени мұрамызды құрметтеуге, дәстүрімізді дәріптеуге үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, Ұлттық киім күні аясында өткізілген бұл байқау қатысушылардың өз мәдениетіне деген мақтаныш сезімін арттырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етті.