- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Шексіз мүмкіндік» (Unlimited Opportunities: Inequality in Society) жастар пікірталасы мен ашық семинары
«Шексіз мүмкіндік» (Unlimited Opportunities: Inequality in Society) жастар пікірталасы мен ашық семинары
2026 жылдың 18 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «Unlimited Opportunities: Inequality in Society» атты ашық семинар мен жастар пікірталасы өтті. Іс-шара ТДМ 10: «Теңсіздікті қысқарту» бағыты бойынша қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік мәселелерін талдауға және білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Семинарға кафедра оқытушылары, 3-курс студенттері, магистранттар мен докторанттар қатысты. Шара барысында әлеуметтік теңсіздіктің пайда болу себептері, оның заманауи қоғамдағы көріністері және оны еңсеру жолдары туралы мазмұнды пікір алмасу жүргізілді. Қатысушылар теңсіздік мәселесі тек экономикалық салада ғана емес, сонымен қатар білім беру, мәдениет, тілдік орта және әлеуметтік мүмкіндіктерге қолжетімділікте де көрініс табатынын атап өтті.
Пікірталас барысында әлеуметтік жіктелу, гендерлік және мәдени айырмашылықтар, сондай-ақ жастардың болашаққа деген көзқарасына әсер ететін факторлар нақты мысалдармен сараланды. Семинар интерактивті форматта өтіп, студенттер өз ойларын еркін білдіріп, сыни ойлау дағдыларын көрсетті. Бұл шара қатысушылардың дүниетанымын кеңейтіп, маңызды әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелеуде жоғары деңгейдегі ғылыми-танымдық алаңға айналды.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы А.З. Қайбулдаева және 1-курс докторанты Л. Амирова.
Басқа жаңалықтар