Білім ордасындағы экологиялық мәдениет
Бүгінде экология мәселесі бүкіл әлем үшін өзекті. Қазіргі таңда экологиялық мәдениет тек қоршаған ортаны қорғаумен шектелмей, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналды. Бұл әсіресе білім ордаларында айқын көрінеді, өйткені жастардың табиғатқа деген көзқарасы осы ортада қалыптасады. Сондықтан оқу орындарындағы экологиялық сапа болашақ қоғамның тұрақты дамуына негіз болады.
Экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі – өсімдіктерге күтім жасау. Соның ішінде топырақты жаңарту. Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағыты «Сапалы білім беру» және 6-шы бағыты «Таза су және санитария» бойынша 2026 жылғы 18-наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттері экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Әс-шара барысында студенттер гүл отырғызып, өсімдіктердің топырағын жаңарту жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс кезінде гүлдердің ескі топырақтары алынып, орнына тыңайтқыш қосылған жаңа топырақ салынды. Бұл жұмыс өсімдіктерге күтімжасаудың маңызын көрсетті.
Іс-шара студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттыырп қана қоймай, табиғатты қорғау мәдениетін насихаттауға ықпал етті. Осындай бастамалар арқылы қоғамдағы экологиялық мәдениеттің ролі арта түседі.
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік
өнер кафедрасының оқытушылары:
А. Қалибекқызы, Н.Тлеубаева, М.Альмухаметова
Басқа жаңалықтар