Болашақ ғалымдар үшін Наурызға экологиялық көзқарас
2026 жылғы 17 наурызда педагогикалық практика аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультеті химиялық физика және материалтану кафедрасының докторанттары – Сейтказинов А.Р., Әбдіхан Д.Б. және Матен А.Е. – 1-курс магистранттарына арналған ашық тәрбие сағатын өткізді. Шараның тақырыбы: «Наурыз – табиғаттың жаңару мерекесі: экологиялық тұрақтылық» деп аталды. Шараның басты мақсаты – ұлттық Наурыз мерекесі арқылы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) ажырамас бөлігі болып табылатын экологияның терең маңыздылығын ашу болды.
Тәрбие сабақ барысында ұйымдастырушылар Наурыздың табиғаттың жаңару мерекесі ретіндегі тарихын, оның сакралды мәнін және қазақ халқының дүниетанымындағы іргелі рөлін егжей-тегжейлі баяндайтын мазмұнды презентациялар ұсынды.
Теориялық бөлім интерактивті форматқа ұласты: студенттерге суреттер мен иллюстрациялар арқылы қазақтың салт-дәстүрлерін тану, халық мақал-мәтелдерін еске түсіру, сондай-ақ көктемгі ояну мен адамның қоршаған ортамен үйлесіміне қатысты бейнелердің астарлы мағынасын ашу ұсынылды. Ең белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталып, бұл аудиторияда тікелей қызығушылық пен ерекше құлшыныс тудырды.
Білім беру блогының түйіні ретінде Kahoot платформасында динамикалық викторина өткізілді. Онда студенттер нақты уақыт режимінде Наурыз дәстүрлері мен қазіргі заманғы өткір экологиялық мәселелерді ұштастырған сұрақтарға жылдам әрі дәл жауап беруден жарысты. Интеллектуалды сайыстың жеңімпаздары кездесу тақырыбына сай шағын естелік сыйлықтарға ие болды.
Мерекелік көңіл-күйді нығайтып, жылы атмосфера қалыптастыру үшін докторанттар дәстүрлі дастархан жайып, қатысушыларға дәмді наурыз-көже, ыстық бауырсақ, құрт және басқа да ұлттық тағамдар ұсынды. Бұл студенттерге алған білімдерін бекітіп қана қоймай, Наурызға жаңа қырынан – саналы тұтыну мен қоршаған ортаның болашағы үшін жауапкершілік мерекесі ретінде қарауға мүмкіндік берді.
Шара жоғары деңгейде өтіп, студенттерге ата-баба мұрасын тереңірек тануға және үйреншікті мерекеге жаңа экологиялық тұрғыдан – планета болашағы үшін жауапкершілік символы ретінде қарауға жол ашты.
Х.ғ.д., профессор Абдулкаримова Р.Г., докторант Әбдіхан Д.Б
Басқа жаңалықтар