ҚазҰУ мұражайы: тарих пен патриотизмге жолFarabi University

ҚазҰУ мұражайы: тарих пен патриотизмге жол

19 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұражайында филология факультетінің 3-курс бакалавр студенттеріне арналған тәрбиелік сағат өтті. Іс-шараға 9 студент қатысты.
Басты экскурсия жетекшілері Құдретулла А.Д. мен Мұхтарова Н.М. студенттерге университеттің құрылу тарихы мен қалыптасу кезеңдері туралы мазмұнды әрі қызықты экскурсия жүргізді. Университеттің ғылым, білім және мәдениет саласындағы маңыздылығына ерекше назар аударылды

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді университет тарихымен таныстыру ғана емес, сонымен қатар олардың бойында елге деген сүйіспеншілік, патриотизм және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру.


Экскурсия барысында студенттер ҚазҰУ туралы бірқатар қызықты мәліметтер алды. Университет Орталық Азиядағы үздік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және халықаралық рейтингтерде жоғары орындарға ие. Сонымен қатар, мұнда әлемдегі қуатты суперкомпьютерлердің бірі орналасқан. ҚазҰУ Samsung, Huawei, Ericsson сияқты халықаралық компаниялармен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Университетте қос дипломды білім беру бағдарламалары да кеңінен жүзеге асырылуда.
Мұражайға жасалған бұл сапар студенттер үшін танымдық әрі шабыттандыратын тәжірибе болды