Наурызнама аясында ұлттық ойындар күні өтті!Farabi University

Наурызнама аясында ұлттық ойындар күні өтті!

20 наурыз, 2026

Наурызнама аясында ұлттық ойындар күні өтті!

Наурызнама онкүндігі аясында «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Бұл мерекелік күн шетелдік студенттердің қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының дәстүрлі ойындарымен танысып, олардың мән-мағынасы мен тәрбиелік маңызын білді. Студенттер асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарды қызығушылықпен ойнап, белсенділік танытты.

Шетелдік студенттер үшін бұл күн қазақ мәдениетін жақыннан тануға, ұлттық құндылықтарды сезінуге үлкен мүмкіндік болды. Олар өз әсерлерімен бөлісіп, ерекше эмоцияға толы сәттерді бастан кешірді.
Ұлттық ойындар – халық мұрасы, рухани байлығымыздың ажырамас бөлігі!