Ашық спорттық іс-шара: «Денсаулық пен дәстүр додасы»
20 наурыз, 2026
Ашық спорттық іс-шара: «Денсаулық пен дәстүр додасы»
2026 жылғы 20 наурыз Ұлттық Спорт Күніне орай Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының ұйымдастыруымен, аға оқытушы Ахмед Г.Ж. жетекшілігімен, Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының магистранттары Хамидулла А.С. және Амангелді М.Д. ұйытқы болуымен және факультет студенттерінің қатысуымен ұлттық ойындар күніне орай «Денсаулық пен дәстүр додасы» атты спорттық жарыс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ халқының ұлттық ойындарын дәріптеу, ұлттық дәстүр мен дене тәрбиесінің өзара сабақтастығын таныту.
Жарыс барысында қатысушылар қазақтың ұлттық ойындары бойынша өз бақтарын сынап, ептілік, жылдамдық, төзімділік және ұйымшылдық қабілеттерін көрсетті. Атап айтқанда, арқан тарту, асық ату секілді ойын түрлері, сонымен қатар ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында Quiz ұйымдастырылып, студенттер белсенділік танытты. Сонымен қатар, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні, олардың ұлт руханияты мен ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара аясында студенттер арасында ұлттық ойындардың бүгінгі қоғамдағы маңызы, жастарды бірлікке, батылдыққа және шапшаңдыққа баулудағы рөлі кеңінен талқыланды. Қатысушылар ұлттық спорт түрлерінің денсаулықты нығайтуға ғана емес, сонымен бірге ұлттық болмысты сақтауға ықпал ететінін атап өтті.
Бұл іс-шара студенттердің:
1. Салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыруға;
2. Ұлттық ойындар арқылы дене шынықтыру мен ептілік дағдыларын дамытуға;
3. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.

Басқа жаңалықтар
3 сәуір, 2026
3 сәуір, 2026