Ректор Наурыз мейрамына қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаев Астана алаңында өткен Наурыз мейрамына арналған басты концерттік шараға қатысты.

Салтанатты шарада Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарын құттықтай отырып, Наурыздың жаңару, бірлік және ұрпақ сабақтастығының мерекесі ретіндегі маңызын атап өтті.
«Жер жүзі жадырап, күн мен түн теңесетін осынау мерекелі күні алыстағы ағайын жақындап, жақындағысы табысады. Халқымыз әрбір жаңа күнді айрықша ықыласпен қарсы алған”, - деді Дархан Сатыбалды.

Қала әкімі «Наурызнама» онкүндігі аясында әрбір күннің өзіндік мәні бар екенін айтты. Бұл күндер ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, мәдениет пен дәстүрді жаңғыртуға, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен өзара құрметті нығайтуға бағытталған.
Концерттік бағдарлама танымал қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың басын қосты. Сахнада белгілі әндер шырқалып, ұлттық нақыштағы театрландырылған қойылымдар мерекелік көңіл күй мен көктемгі жаңару рухын айшықтады.


Қала тұрғындары үшін алты тақырыптық киіз үйден тұратын көрме ұйымдастырылды. Мұнда келушілер үшін тарихи мұрадан бастап заманауи технологияға дейінгі бағыттар таныстырылды.

Наурыз мейрамына арналған ауқымды іс-шаралар 23 наурызға дейін жалғасады. Осы күндері қала тұрғындары мен қонақтарына концерттер, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, мәдениет қайраткерлерімен кездесулер және қазақ халқының дәстүрлі салт-жоралғылары ұсынылады.

.jpeg)





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар