Ардагер ұстазға құрмет: кафедра ұжымы профессор Жүсіп Сүлейменовты құттықтады
20 наурыз, 2026
2026 жылғы 20 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Математика кафедрасының ұжымы кафедрамыздың ардагер ұстазы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жүсіп Сүлейменовтың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетіп, туған күнімен және мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында профессор Жүсіп Сүлейменовтың ғылым мен білімнің дамуына қосқан зор үлесі, көпжылдық нәтижелі педагогикалық қызметі және жас ұрпақты тәрбиелеудегі айрықша еңбегі ерекше ілтипатпен аталып өтті. Ұстаздың өмір жолы мен кәсіби қызметі жас буын үшін өнеге екені атап өтілді.
Кафедра ұжымы ардагер ұстазға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс және отбасы амандығын тілейді.
Іс-шараға Математика кафедрасының меңгерушісі Касенов С.Е., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Буканай Н.Ұ., сондай-ақ кафедра оқытушысы Сарыбай Т.А. қатысты.
Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар
22 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026