04.03.2026 ж. кафедра меңгерушілерінің орынбасарларына арналған семинар өттіFarabi University

04.03.2026 ж. кафедра меңгерушілерінің орынбасарларына арналған семинар өтті

4 наурыз, 2026
2026 жылғы 4 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кафедра меңгерушілерінің ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті.
 
Семинар барысында қатысушылар Scopus, Web of Science және SciVal сияқты халықаралық ғылыми деректер қорларының маңызды мүмкіндіктерімен танысты. Аталған платформаларды ғылыми зерттеулерді талдау, жарияланымдық белсенділікті бағалау және халықаралық рейтингтерді арттыру мақсатында тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.
 
Іс-шараға кафедрамыздан ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасар Бұқанай Н.Ұ. қатысып, өз тәжірибесін жетілдірді.
Математика кафедрасы