Тұрақты даму мақсаттарының 16-бағыты – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында 2026 жылдың 20 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушылары Әлтаева Н.С., Мұқан Н. жетекшілігімен 3 курс «Дінтану» білім беру бағдарламасының студенттері «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» атты іс-шарасын өткізді. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл іс-шара барысында студенттерге Ұлыстың ұлы күні – Наурыздың мәні мен мағынасы, оның қазақ халқының мәдениеті мен рухани өміріндегі орны кеңінен түсіндірілді. Іс-шара аясында ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар дәріптеліп, Наурыздың жаңару, бірлік, татулық пен ізгілік мерекесі екені атап өтілді. Сонымен қатар, түрлі ойындар, топтық тапсырмалар және пікір алмасу ұйымдастырылып, соңында қатысушылар ұлттық тағамдардан дайындалған дастарханнан ауыз тиді. Кездесу барысында Наурыздың адамдарды жақындастырып, қоғамдағы өзара сыйластық пен бірлікті нығайтатын ерекше мереке екені ерекше атап өтілді.

Басқа жаңалықтар