ҚазҰУ студенті Қазақстан чемпионатында топ жарды
26 наурыз, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Нұрсұлтан Нұрғалиев каратэ-до бойынша Қазақстан чемпионатында үздік өнер көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Спорттық бәсеке ағымдағы жылдың 18-23 наурыз күндері Қарағанды қаласында өтті.

Жарыс барысында оқу ордасының студенті 18-21 жас аралығындағы спортшылар арасында бақ сынады. Ол 84 келі дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Айта кетейік, жас спортшы Нұрсұлтан Нұрғалиев ҚазҰУ-дың заң факультетінің бірінші курсында оқиды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
26 наурыз, 2026
22 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026