Заң және студент: құқықтар, міндеттер және академиялық адалдық
2026 жылдың 26 наурыз күні Шығыстану факультетінің шетелдік студенттеріне университетіміздің студенттеріне арналған “Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің Ар-намыс кодексі” таныстырылды. «Заң және студент: құқықтар, міндеттер және академиялық адалдық» деген тақырыппен өткен бұл іс-шараны Қытайтану кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді университеттегі тәртіп, заңдылық және адамгершілік қағидаларына баулу, сондай-ақ олардың кәсіби және тұлғалық дамуын қолдау.
Іс-шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасының заңдары мен университет ережелерін сақтау, Ұлттық мәдениет пен университет дәстүрлерін құрметтеу, Басқа студенттер мен оқытушыларға ізетті, сыпайы және құрметпен қарау, Академиялық адалдық қағидаларын сақтау (плагиат, алдау, пара беру және сабақтарды өткізіп алу жол берілмейді), Университет мүлкі мен ресурстарына қамқорлық жасау, Салауатты өмір салтын ұстану және университеттің ғылыми, мәдени, спорттық өміріне белсенді қатысу, Заңсыз әрекеттерге, рұқсат етілмеген митингілер мен акцияларға қатыспау, ҚазҰУ имиджі мен беделін қорғау сияқты негізгі қағидалар түсіндірілді.
Сондай-ақ, студенттер өз құқықтары мен міндеттері, университет өміріндегі тәртіп пен жауапкершілік туралы ақпарат алды. Ең бастысы, әр студент университеттің, өз ата-анасының және өз ар-намысының беделін сақтау – басты міндет екенін түсінді.
Басқа жаңалықтар