ТДМ 15. «Жасыл кеңістік» экологиялық челленджі: студенттер мен оқытушылардың ортақ бастамасыFarabi University

ТДМ 15. «Жасыл кеңістік» экологиялық челленджі: студенттер мен оқытушылардың ортақ бастамасы

27 наурыз, 2026

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушылар мен оқытушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды арттыру мақсатында «Жасыл кеңістік» атты экологиялық челлендж ұйымдастырылды.

Челлендж аясында қатысушылар оқу ғимаратының ішкі кеңістігін көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, демалыс аймақтарындағы гүлдерді қайта отырғызды, топырақ құрамын жақсартып, оны құнарландырды. Бұл жұмыстар білім алушылардың табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын тәжірибе жүзінде қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, оқытушылар аталған бастаманы оқу үдерісімен тиімді ұштастырып, экология мәселелеріне арналған дәрістер мен пікірталастар өткізді. Мұндай интеграция теориялық білім мен практикалық әрекетті байланыстыра отырып, студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.

«Жасыл кеңістік» челленджінің маңызды қырларының бірі – ұжымдық рухты нығайту. Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар бірлесе жұмыс істеп, өзара ынтымақтастық пен қолдаудың үлгісін көрсетті. Бұл өз кезегінде оқу орнының ішкі мәдениетінің дамуына оң әсерін тигізеді.

Аталған челлендж бір реттік акция ретінде емес, экологиялық сананы күнделікті өмір салтына айналдыруды көздейтін, студенттер мен оқытушыларды біріктіретін тұрақты әрі маңызды бастама болып табылады.