- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да IX Халықаралық студенттердің сырттай олимпиадасы өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да IX Халықаралық студенттердің сырттай олимпиадасы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Бизнес-технологиялар» кафедрасы базасында «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында IX Халықаралық студенттердің сырттай олимпиадасы сәтті өтті. Бұл іс-шара цифрлық экономика жағдайында студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және халықаралық өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған маңызды академиялық және ғылыми-білім беру алаңына айналды.
Олимпиадаға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен «Логистика» және «Маркетинг» білім беру бағдарламалары бойынша 2–3 курс студенттері — барлығы 149 студент қатысты. Мұндай формат әртүрлі университет өкілдерін біріктіріп, білім, идеялар және практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін, пәнаралық тәсілді қолдана алуын және кәсіби міндеттерді шешуде цифрлық құралдарды тиімді пайдалану дағдыларын көрсетті.
Байқау бағдарламасы эссе жазу мен бизнес-процестерге заманауи технологияларды енгізуге бағытталған жобалық шешімдерді әзірлеуді қамтыды. Логистика мен маркетинг салаларында цифрлық платформаларды, деректер аналитикасын және жасанды интеллект элементтерін қолдануға ерекше назар аударылды. «Логистика» бағыты бойынша 19 команда, ал «Маркетинг» бағыты бойынша 18 команда қатысты, бұл студенттердің цифрлық құзыреттерді меңгеруге деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Сарапшылардың бағалауы нәтижесінде қазылар алқасы командалық есеп бойынша жеңімпаздарды анықтады. «Логистика» номинациясында бірінші орынды Ташкент мемлекеттік көлік университетінің командасы иеленді. Екінші орынды Қарағанды Казпотребсоюз университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті бөлісті. Үшінші орынды Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командалары иеленді.
«Логистика» мамандығы бойынша нәтижелер:
I орын
Ташкент мемлекеттік көлік университетіhttps://tstu.uz/ru
II орын
Қарағанды Казпотребсоюз университеті https://keu.edu.kz/en/ ;;
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіhttps://www.kaznu.kz/ ;
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті https://kazatu.edu.kz/kz
III орын
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіhttps://www.kaznu.kz/;
Халықаралық көлік-гуманитарлық университет https://mtgu.edu.kz/kz ;
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіhttps://www.kaznu.kz/
«Маркетинг» бағыты бойынша бірінші орынды Narxoz университеті иеленді. Екінші орынды «Тұран» университеті, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алды. Үшінші орынды Қазақстан-Американдық еркін университет, AlmaU және Халықаралық инженерлік-технологиялық университет иеленді.
«Маркетинг» мамандығы бойынша нәтижелер:
I орын
«Narxoz» университеті https://narxoz.edu.kz/
II орын
«Тұран» университеті https://www.turan-edu.kz/ ;
Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті https://www.knu.kg/ky/ ;
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіhttps://www.kaznu.kz/
III орын
Қазақстан-Американдық еркін университет https://kafu.edu.kz/ ;
AlmaU Алматы Менеджмент Университеті https://almau.edu.kz/ ;
Халықаралық инженерлік-технологиялық университет https://metu.edu.kz/#gsc.tab=0
Жеңімпаздар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға халықаралық олимпиадаға қатысқанын растайтын атаулы сертификаттар табысталды. Бұл студенттердің академиялық және кәсіби портфолиосын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды әрі олардың әрі қарай дамуына қосымша ынталандыру болды.
Олимпиаданың өткізілуі цифрлық технологиялардың қазіргі экономиканың негізгі қозғаушы күші екенін тағы бір мәрте айқындады. Іс-шара университеттер арасындағы академиялық байланыстарды нығайтып, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және цифрлық трансформация жағдайында еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар