Болашақ стоматологтар таза судың маңызын талқылады
2026 жылғы 30 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінде, іргелі медицина кафедрасында Тұрақты даму мақсатының №6 «Таза су және санитария» бағытына сәйкес Дүниежүзілік су ресурстары күніне арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны Күлжебаева Сабина Ренатовна «Стоматология» мамандығының 2 курс 24-01 және 24-02 (орыс және ағылшын тілдеріндегі топтар) студенттерімен өткізді.
Талқылау барысында қазіргі экологиялық мәселелер, оларды шешу жолдары, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің халық арасында санитариялық-гигиеналық мәдениетті қалыптастырудағы және су арқылы берілетін аурулардың алдын алудағы рөлі қарастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер жоғары дайындық деңгейін және тақырыпқа деген қызығушылығын көрсетті, талқылауға белсенді қатысып, қауіпсіз ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету мен су ресурстарына ұқыпты қарау халық денсаулығын сақтаудың және тұрақты дамудың маңызды факторларының бірі деген қорытындыға келді.
Басқа жаңалықтар