Хирургия кафедрасы халықаралық қатысумен шеберлік сабағын өткіздіFarabi University

Хирургия кафедрасы халықаралық қатысумен шеберлік сабағын өткізді

1 сәуір, 2026

Қазақстанда онкология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында эпигенетикалық қатерлі ісік диагностикасына маманданған Epitype GmbH неміс компаниясының өкілдері сапармен келді.

Германиядан сарапшы ретінде доктор Альфред Хензель келіп, онкологтар, гинекологтар, скрининг мамандары, сондай-ақ интерндер мен резиденттердің қатысуымен шеберлік сабағын өткізді.

Ынтымақтастықтың бастамашысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, хирургия кафедрасы, жетекшісі Тәжібаева Қарлығаш Нарбаевна (PhD, MD, қауымдастырылған профессор).

Сапар барысында университет базасында және Алматы өңірлік көпсалалы клиникасы негізінде заманауи скринингтік тесттер таныстырылды.

GynTect және ScreenYu Gyn тесттері жатыр мойны обырының эпигенетикалық маркерлерін жылдам әрі дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Өткізілген шеберлік сабағы қатысушыларға жаңа білім мен практикалық дағдылар беріп, олар Қазақстандағы клиникалық тәжірибеде жатыр мойны обырын ерте анықтау мен диагностика сапасын арттыруға бағытталады.