- Басты бет
- Инклюзивті орта
- ТДМ №4, 10,17: Инклюзивті білім беру саласындағы стратегиялық ынтымақтастық
ТДМ №4, 10,17: Инклюзивті білім беру саласындағы стратегиялық ынтымақтастық
Турманова Жанагул Егембердиевна қатысуымен инклюзия мәселелеріне арналған маңызды кездесу өтті.
Кездесу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында орналасқан Инклюзивті орта ғылыми-практикалық орталығы аясында өтті. Басқосу барысында білім беру жүйесіндегі инклюзияны дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, кездесу барысында инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы заманауи тәсілдер, халықаралық тәжірибелер және отандық білім беру жүйесіне енгізілетін тиімді әдістер сөз болды. Қатысушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету тетіктерін қарастырып, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру жөнінде келісімге келді.


