ТДМ №3, 17: ЖОО психологтарының бірлескен жобасы: «Psycho Express ALT»Farabi University

ТДМ №3, 17: ЖОО психологтарының бірлескен жобасы: «Psycho Express ALT»

11 ақпан 2026
ТДМ №3, 17: ЖОО психологтарының бірлескен жобасы: «Psycho Express ALT»

М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті Бас оқу ғимаратының (Шевченко 97) Үлкен конференц-залында Алматы қаласының ЖОО психологтарының қатысуымен «Psycho Express ALT» коллаборациялық іс-шарасы өтті. Аталған жоба ҚР Үйлестіру кеңесінің бастамасы аясында ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты – жедел психологиялық-диагностикалық көмек көрсету, білім алушылар арасында психологиялық қолдауға жүгіну мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ студенттерге кәсіби көмектің қолжетімділігін арттыру.

Психологиялық көмек күні аясында Алматы қаласының әртүрлі бағытта жұмыс істейтін жетекші психологтары білім алушыларға, профессор-оқытушылар құрамына және қызметкерлерге анонимді консультациялар жүргізді.

«Psycho Express ALT» жобасы қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға, өзін-өзі реттеу дағдыларын нығайтуға, ішкі ресурстарын дамытуға және әлеуметтік-эмоционалдық қиындықтарды еңсеруге бағытталды. Сонымен қатар, қатысушылар стресс-менеджмент, өзін-өзі қолдау және тиімді коммуникация дағдылары бойынша білімдерін кеңейтті.

Іс-шара барысында 80-нен астам студент пен қызметкер қамтылды. Консультациялар мен тренингтер шеңберінде аутодеструктивті, деструктивті және аддиктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары жүргізілді. Келесі әдістер қолданылды: когнитивті-мінез-құлықтық терапия, арт-терапия, денеге бағытталған терапия, релив-терапия, гештальт-терапия, логотерапия, отбасылық терапия, психодрама және метафоралық ассоциативті карталармен жұмыс.

Іс-шараға қатысқан психолог-мамандарға алғыс білдіріліп, олар естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттау рәсімін тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры Ташимбетова Ақдана Түрсынхановна жүргізді.