«1 сағат – таза табиғат» | Экологиялық челенджFarabi University

«1 сағат – таза табиғат» | Экологиялық челендж

27 наурыз, 2026

27 наурыз күні Тарих факультетінің 402 аудиториясында «1 сағат – таза табиғат» атты айрықша экологиялық челендж өтті. Бұл іс-шара 28 наурыз – Дүниежүзілік Жер сағаты күніне орайластырылып ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – студенттер мен оқытушылардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Тарихшылар тек өткенді зерделеп қана қоймай, болашақтың тазалығына да жауапты екенін осы іс-шара арқылы дәлелдей түсті.

Жиын барысында қатысушылар табиғатты аялаудың маңыздылығы туралы пікір алмасып, күнделікті өмірдегі «жасыл» әдеттерді талқылады. Челендж аясында факультет белсенділері аудиторияның тазалығын реттеп, цифрлық қоқысты (қажетсіз электронды хаттар мен файлдар) жою арқылы энергия үнемдеуге үлес қосты.

«Біздің бүгінгі 1 сағатымыз – табиғаттың ертеңгі тынысы. Тазалық табалдырықтан, ал экологиялық сана өзімізден басталады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.