ҚазҰУ музейіне Шанхай Цзяотун университеті делегациясының келуі
10 Сәу, 2026
ҚазҰУ музейіне Шанхайдағы Цзяотун университетінен делегация келді.Экскурсия барысында қонақтар университеттің қалыптасу кезеңдерін, ғылыми мектептердің дамуын және білім беру жүйесінің жаһандық академиялық үдерістер аясындағы трансформациясын көрсететін экспозициямен танысты. Делегацияның ерекше қызығушылығын ҚазҰУ-дың құрметті профессорларына арналған бөлім тудырды.Құрметті профессорлардың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге және университеттің әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне ықпалдасуына қосқан үлесі атап өтілді.
Сапар ғылым, білім және халықаралық өзара іс-қимыл салаларындағы ортақ стратегиялық бағыттарды айқындады.


