Шекарасыз ғылым: Қытай ғылым академиясы делегациясы ҚазҰУ музейіне келдіFarabi University

Шекарасыз ғылым: Қытай ғылым академиясы делегациясы ҚазҰУ музейіне келді

16 Сәу, 2026
Шекарасыз ғылым: Қытай ғылым академиясы делегациясы ҚазҰУ музейіне келді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Қытай ғылым академиясына қарасты Синьцзян физика және химия техникалық институтының делегациясы келді.

Экскурсия барысында қонақтар университеттің қалыптасу тарихымен, ғылыми жетістіктерімен және Қазақстандағы білім мен ғылымды дамытудағы рөлімен танысты. Университеттің зерттеушілік бағыттағы дамуын көрсететін экспозициялар ерекше қызығушылық тудырды.

Делегацияның назарын заманауи ғылыми-технологиялық мүмкіндіктер, соның ішінде білім, ғылым және өндірісті біріктіретін Farabi Hub инновациялық орталығы аударды. Қонақтарға әлемдегі сирек кездесетін суперкомпьютерлік кластердің мүмкіндіктері таныстырылды, ол генетикалық деректерді өңдеу, тілдік модельдерді дамыту және климаттық зерттеулерде қолданылады.