Ақтөбе облысында ғылым мен өндірістің ықпалдасуы аясында 10 ғылыми жоба дайындалуда

9 тамыз, 2016

 

Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қазақстанның жетекші ЖОО бірі Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ арасындағы ынтымақтастық келісімі өндіріске ғылыми инновациялық жұмыстарды енгізуде өз нәтиже береді, деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Аталмыш меморандумды орындау шеңберінде Қаз ҰУ-і перспективалы жобаларды дайындауда. Ол жобалар Ақтөбе облысының коммуналдық және өнеркәсіптік кәсіпорындарында жүзеге асырылатын болады.

Орталық Қаз ҰУ-ң ғылыми-өндірістік базасында ашылады, деп жоспарлануда. Сонымен қатар бұл жоба жас мамандарды тартуға және мұнайгаз саласынадағы кәсіпорындарға қызығушылығы бар мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, меморандумға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов биыл наурыз айында оқу орынының ғылыми делегациясы аймаққа барған кезде қол қойған болатын. 

 

Ақтөбе 03 Тамыз , 09:08