Халық үлкен сеніммен өз таңдауын жасады
Бүгін елімізде жұртшылық таңғы сағат 7.00-ден бастап жүздеген учаскеде дауыс беріп, халық өз таңдауын жасады.
Комиссияның хатшысы Шавкат Өтемісовтың айтуынша, Құрылтай сайлауына халық өте- мөте белсенділік танытқанын атап өтті. Алматы тұрғындары да сайлау учаскелерінде алдыңғы сайлауға қарағанда көптеп келіп, кезекте тұрып дауыс берді. Қала тұрғындарының жалпы саны бұрынғыдан да көп болды. Әрине соңғы нәтижелер дауыстар саналғаннан кейін белгілі болады. Халық үміт етіп, сенім артып, таңдаған жаңа құрылтайшылар ел сенімін ақтайтын, елдің болашағы ойлайтын, экономикасын дамытуға мұрындық болатын, халықтың әлеуметтік жағдайына жіті қарайтын адал да, сауатты азаматтар таңдалды деген үлкен сенім артады.
Баймуратова И.А.
Филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының ассистент профессоры