ҚазҰУ еріктілері бірінші курс студенттеріне көмектесуде
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1-курс студенттеріне жан-жақты ақпараттық және ұйымдастырушылық көмек көрсету мақсатында белсенді еріктілер тобы жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда жаңадан түскен білім алушылар жатақханаға орналасу үшін кампус аймағындағы медициналық орталықта тексерістен өтуде. Осыған орай, арнайы жасақталған волонтерлер медициналық тексерістен өту тәртібін, қажетті құжаттар тізімін және жатақханаға орналасу кезеңдерін түсіндіріп, бағыт-бағдар беруде.

Бұдан бөлек, барлық жатақханаларда кезекшілік қойылған. Олар студенттерді жылы қарсы алып, бөлмелерге жайғасу үдерісін жылдам әрі ыңғайлы ұйымдастыруға жәрдемдеседі.

«Университетке алғаш келгендіктен, туындаған сұрақтар көп. Кезекте тұрғанда қажетті ақпаратты алғанымыз өте ыңғайлы болды. ҚазҰУ студенті атанғаныма өте қуаныштымын!» – дейді бірінші курс студенті Әзиз Құмаров.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жаңа оқу жылын бастаған бірінші курс студенттерін қарсы алу және олардың кампус өміріне тез бейімделуіне жағдай жасау жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.






Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар