ҚазҰУ мен Ташкент мемлекеттік көлік университеті халықаралық Жазғы мектеп аясындағы ынтымақтастықты дамытуда — ҚазҰУ

ҚазҰУ мен Ташкент мемлекеттік көлік университеті халықаралық Жазғы мектеп аясындағы ынтымақтастықты дамытуда

1 қыркүйек 2026
ҚазҰУ мен Ташкент мемлекеттік көлік университеті халықаралық Жазғы мектеп аясындағы ынтымақтастықты дамытуда

2026 жылғы 2–31 шілде аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Smart Marketing and Logistics» орталығы базасында Ташкент мемлекеттік көлік университетінің (Өзбекстан Республикасы) өкілдеріне арналған халықаралық Жазғы мектеп өткізілді.

Жазғы мектеп аясында жалпы көлемі 144 академиялық сағатты құрайтын «Теміржол көлігін пайдалану, оның ішінде сигнализация, орталықтандыру, блоктау және байланыс құрылғылары» біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Бағдарламаға Ташкент мемлекеттік көлік университеті 18 өкілі қатысты. Бағдарламаның мақсаты теміржол көлігін пайдалану, пойыздар қозғалысын ұйымдастыру, сигнализация, орталықтандыру, блоктау және байланыс құрылғыларының жұмыс істеуі, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пайдалану тәуекелдерін басқару саласындағы мамандардың кәсіби білімі мен құзыреттерін жаңарту және жүйелеу болды.

Курс мазмұны теміржол саласын дамытудың заманауи үрдістерін ескере отырып әзірленді және тоғыз тақырыптық бағытты қамтыды: теміржол көлігін дамытудың логистикалық мүмкіндіктері мен перспективалары; теміржол көлігін пайдаланудың нормативтік-құқықтық негіздері; пойыздар қозғалысын ұйымдастыру және станциялардың пайдалану қызметі; блоктау және қозғалысты интервалдық реттеу жүйелері; сигнализация, орталықтандыру және блоктау (СОБ) құрылғыларын пайдалану және қызметтердің өзара іс-қимылы; теміржол байланысы жүйелері және теміржол көлігіндегі телекоммуникациялық желілер; теміржол көлігіндегі заманауи байланыс жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және дамыту; қозғалыс қауіпсіздігі және тәуекелдерді басқару; теміржол көлігін пайдаланудың экономикалық аспектілері.

Бағдарлама аясында теміржол инфрақұрылымының сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қозғалыс, СОБ және байланыс қызметтерінің өзара іс-қимылы, стандартты емес пайдалану жағдайлары туындаған кезде персоналдың іс-әрекеті, сондай-ақ теміржол көлігін цифрландырудың заманауи бағыттарына ерекше назар аударылды.

Жазғы мектеп қорытындысы бойынша 18 тыңдаушы 144 академиялық сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру бағдарламасын сәтті аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің белгіленген үлгідегі куәліктерін алды.

Халықаралық Жазғы мектептің өткізілуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік білімі саласындағы академиялық және кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға қосылған практикалық үлес болды. Осындай бағдарламаларды іске асыру кәсіби білім мен білім беру тәжірибелерімен алмасуға, оқытушылар мен мамандардың құзыреттерін дамытуға және Орталық Азия университеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының басымдықтарына сәйкес келеді: ТДМ 4 «Сапалы білім» – халықаралық Жазғы мектеп үздіксіз кәсіби білім беруді дамытуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және теміржол көлігі саласындағы заманауи білім мен технологияларды таратуға ықпал етеді; ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» – көлік саласы мамандарының кәсіби құзыреттерін дамыту адами капиталдың сапасын арттыруға, еңбек өнімділігін жоғарылатуға және көлік кешенінің технологиялық трансформациясы жағдайында жұмыс істеуге қабілетті кадрларды даярлауға ықпал етеді; ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» – сигнализация, орталықтандыру, блоктау және байланыстың заманауи жүйелерін, цифрлық технологияларды, зияткерлік көлік жүйелерін және теміржол инфрақұрылымының сенімділігін арттыру әдістерін зерделеу тұрақты және инновациялық көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты; ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ташкент мемлекеттік көлік университеті өкілдерінің бірлескен білім беру бағдарламасы халықаралық академиялық ынтымақтастықты, кәсіби тәжірибе алмасуды және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Курсты Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасының PhD докторы, зерттеуші-доценті Адилова Наздана Джемс-Уатовна әзірлеп, өткізді.

Халықаралық Жазғы мектептің ұйымдастырушысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Smart Marketing and Logistics» орталығы.