- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың механика-математика факультеті Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (NPU) филиалдарымен ынтымақтастықты кеңейтуде
ҚазҰУ-дың механика-математика факультеті Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (NPU) филиалдарымен ынтымақтастықты кеңейтуде
2026 жылғы 1 қыркүйекте механика-математика факультетінің деканы М.Е. Мансурова, компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Нұрислам Қасымбек және Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі Т.С. Сарсембаева Солтүстік-Батыс политехникалық университеті (Northwestern Polytechnical University, ҚХР) филиалдарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің басты тақырыбы оқытушылар мен студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту және бірлескен ғылыми-зерттеу бастамаларын жүзеге асыру болды. Солтүстік-Батыс политехникалық университеті (NPU) атынан Queen Mary University of London Engineering School of NPU және Moscow Aviation Institute of NPU деканы Фань Сяоли ханым, NPU Қазақстандық филиалының вице-президенті Сунь Ао ханым және NPU Қазақстандық филиалының жоба менеджері Ху Ин қатысты.
Ашық пікірталас барысында тараптар аэроғарыштық инженерия, электротехника, сондай-ақ жасанды интеллект, Computer Science және Data Science сияқты басым әрі жоғары технологиялық бағыттар бойынша өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша серіктестіктің бірнеше негізгі бағыты келісілді.
ҚазҰУ студенттері NPU-дың мамандандырылған онлайн-курстарына қол жеткізеді.
ҚазҰУ жазғы және қысқы мектептер аясында Queen Mary University of London Engineering School of NPU және Moscow Aviation Institute of NPU студенттерін қабылдай алады.
ҚазҰУ-дың «Аэроғарыштық инженерия» және IT бағыттары бойынша білім алушылары NPU-да қысқа мерзімді модульдік оқудан өте алады.
Тараптар магистранттарға арналған алмасу бағдарламалары мен шетелдік тағылымдамаларды іске қосады.
Университеттер бірлескен қолданбалы және іргелі ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеп, жүзеге асыра алады.
Қол жеткізілген уағдаластықтар озық инженерлік және IT-құзыреттерді факультеттің білім беру үдерісіне біріктіруге жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық университеттер арасындағы халықаралық академиялық серіктестікті нығайтады.
Басқа жаңалықтар