Химиялық физика және материалтану кафедрасының доцент м.а., PhD Әуелханқызы Мөлдір «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, қазір The Pennsylvania State University-тінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр — ҚазҰУ

Химиялық физика және материалтану кафедрасының доцент м.а., PhD Әуелханқызы Мөлдір «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, қазір The Pennsylvania State University-тінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр

10 қыркүйек 2026
Химиялық физика және материалтану кафедрасының доцент м.а., PhD Әуелханқызы Мөлдір «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, қазір The Pennsylvania State University-тінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр

2026 жылғы 21 тамыздан бастап PhD Әуелханқызы Мөлдір АҚШ-тың Пенсильвания штатының университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама аясында кафедраның бейініне сәйкес келетін «8D07113 -Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша 3-4 және одан да көп шетелдік сарапшыны тарту жоспарлануда. Шетелдік сарапшыларды тарту халықаралық кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуге, жаңа академиялық және ғылыми байланыстар орнатуға, сондай-ақ кафедраның халықаралық ынтымақтастығының перспективалы бағыттарын дамытуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, Әуелханқызы Мөлдір AP32318491 «Суперконденсаторлардың жоғары өнімді электродтарына арналған қос өтпелі металдар негізіндегі MXene-дермен интеграцияланған био қалдықтардан иерархиялық кеуекті белсендірілген көмірді әзірлеу» тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасына (КМУ) ие болды. Гранттық жобаны іске асыру шеңберінде жоспарланған ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бөлігін АҚШ-та жобаның ғылыми инфрақұрылымын, ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып орындау көзделген.

Тағылымдама барысында алынған халықаралық тәжірибені, орнатылған кәсіби байланыстарды, тартылған шетелдік сарапшыларды, сондай-ақ гранттық жобаны іске асыру шеңберінде берілетін мүмкіндіктерді кафедра халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, кафедра мен университеттің халықаралық танымалдығын арттыру, сондай-ақ университеттің халықаралық рейтингтердегі, оның ішінде QS рейтингіндегі позицияларын жақсартуға ықпал ету мақсатында пайдалануды жоспарлап отыр

 

 

Ауелханқызы М.