- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Студенттің ар-намыс кодексі» және ТДМ №4: сапалы білім мен академиялық адалдық
«Студенттің ар-намыс кодексі» және ТДМ №4: сапалы білім мен академиялық адалдық
2026 жылғы 4 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасында (№6 Бас оқу ғимараты, 412-аудитория) 1-курс «Биотехнология» білім беру бағдарламасының студенттерімен кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағатқа Биотехнология кафедрасы меңгерушісінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мамытова Нургуль Сабазбековна қатысты. Кездесу барысында «Студенттің ар-намыс кодексі» және «ҚазҰУ студенті туралы ереженің» негізгі қағидалары қарастырылып, студенттердің құқықтары мен міндеттері, академиялық адалдық, жауапкершілік, этикалық мәдениет және университеттік ортадағы өзара құрмет мәселелері талқыланды.
Іс-шара мазмұны БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының ТДМ №4 «Сапалы білім» бағытымен сабақтастырылды. Академиялық адалдықты сақтау, білім алуға жауапкершілікпен қарау және үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылу сапалы білім беру мәдениетін қалыптастырудың маңызды шарттары екені атап өтілді.
Эдвайзер-куратор: профессор С.Ш. Асрандина.
|
|
|
|



